Абай облысындағы орман өртіне байланысты қозғалған іс аясында жауапты адамдардың барлығы тергеледі. Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев осындай мәлімдеме жасады.
Өмірәлиев мырзаның сөзінше, Абай облысындағы орман өртіне байланысты екі бап – «Екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау» және «Салғырттық» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір екі істі де прокуратура тергеп жатыр.
Жандос Өмірәлиевтің айтуынша, осы іс бойынша алдағы уақытта Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, бұрынғы төтенше жағдай министрі Юрий Ильин, Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова тергеледі.
– Қазір екі істі бас прокуратура тергеп жатыр. Тергеу аясында өз міндетіне салғырт қараған, соның нәтижесінде әрекеті қайғылы оқиғаға себеп болған лауазымды тұлғалардың барлығы анықталады. Лауазымды тұлғалардың әрекетіне әзірге баға берілген жоқ. Барлығы жауапқа тартылады, – деді Өмірәлиев.
Абай облысындағы орман өрті салдарынан 15 адам қаза тауып, 60 мың гектар жерді жалын шарпыған. Өрт әлі толық сөндірілген жоқ.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді