БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссарының кеңсесі Ресей шабуылынан кейін Украинада адам құқықтары бұзылған көптеген жағдайларды анықтады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Женева қаласында ашылған БҰҰ-ның Адам құқықтары бойынша кеңесінің отырысында сөйлеген Гутерриш Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптады. Ол соғыс адамдардың өліміне, қайғы-мұңға, жаппай жер аударуға алып келгенін айтып, бейбіт тұрғындарды зорлау фактісі де бар екенін жеткізді.
Жиын барысында Украинадағы оқиғаларды зерттеу бойынша комиссия басшысы Эрик Месе баяндама жасап, орыс әскерлерінің соғыс қылмыстары жөнінде көптеген дәлелдер келтіретінін мәлімдеді.
2 наурызда жиында Ресейдің сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков сөз сөйлейді. Украинаға шабуыл жасағаннан кейін Ресей кеңестің құрамынан шығарылғанымен байқаушы ретінде жиынға қатыса алады.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?