Қазақстандық Arbat.media басылымы Украинадағы соғыс жайлы мақала жариялағаны үшін Ресейдің Владимир қаласындағы Ленин аудандық сотына шақырту алғанын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық радиосы жазды.
Сотқа арызданушы Ресей армиясының 19-әскери прокуратурасы, 56680 әскери бөлімшесі деп жазылған. Сот отырысы 17 ақпанға белгіленген.
Arbat.media басылымының жазуынша, шақырту қағазында "Роскомнадзордың Владимир облыстық басқармасы басылымдағы Украинадағы соғыс жайлы мақаладан шындыққа сәйкес келмейтін және саяси мәндегі қоғамдық маңызды ақпарат жайлы жалған мәлімет барын анықтады" деп жазылған.
Аrbat.media порталының редакциясы өзіне тағылған айыптаулармен келіспейтінін жеткізді.
Қазақстандық БАҚ Ресей сотынан алғаш рет шақырту алып отыр. Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Ресейдің ақпараттық технология және бұқаралық байланыс саласын бақылау федералдық қызметі (Роскомнадзор) бірқатар қазақстандық басылымнан Украинадағы соғыс жайлы материалдарды алып тастауды талап еткен.
Роскомнадзордан Аrbat.media, "Власть", Informburo.kz, Ratel.kz, Newtimes.kz басылымдары Украинадағы соғысқа қатысты материалдарын өшіруді талап еткен хат алған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы