Қазақстан Украинаның Буча қаласына орнатылған кигіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқ және Ресей билігіне оған қатысты ешқандай түсініктеме бермейді. Бұл жөнінде «Азаттық» радиосына ҚР сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді,-деп жазды Маса медиа.
– Киіз үй қойылды. Бұдан қандай проблема туындады? Қойылды. Көмек көрсетілді. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, өздері апарып, өздері көмектесіп жатыр, – деді Айбек Смадияров.
СІМ өкілі Бучада орнатылған кигіз үйден Қазақстан ешқандай мәселе көрмейтінін айтты. Оның сөзінше, қазір Украинада жағдай өте қиын, сондықтан бұл ақпарат басқаша көрініп жатуы мүмкін.
Қаңтар айының басында Ресей басқыншылығынан қатты зардап шеккен Буча қаласында «Незламності» (Мызғымастық) пункті ашылған. Кигіз үй жылу мен жарық болмаған уақытта тұрғындар келіп, телефондарын қуаттап, жылыну үшін ашылған.
Кигіз үйді қазақ бизнесмендері мен Украинадағы қазақ диаспорасы ашқаны жөнінде хабарланған.
10 қаңтарда Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова Қазақстан билігін Бучадағы кигіз үйге байланысты түсініктеме беруге шақырған. Захарова Қазақстанның ресми өкілдері кигіз үйге қатысы жоғын айтқанын, десе де, Ресей-Қазақстан одақтастығына нұқсан келмес үшін ресми Астананың оған түсініктеме бергені абзал деп мәлімдеген.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы