30 желтоқсан. Жетісу облысы, Талдықорған қаласында «Азаптаушы» полицейлердің үстінен 146 баптың 1, 2, 3 бөліктерімен қозғалған соттың 25-реткі отырысы өтті. Бүгін сұралуы керек болған қанды қаңтар кезінде қамалғандарға үтік басып азаптады деп айыпталған Айдын Кенжебаев сотқа келмей қалды.
Сот хатшысының хабарлағанындай кеше тергеу изоляторға сұрау хат жіберген. Онда олар Кенжебаевтың денсаулығының жауап беруге жарамды екенін айтқанымен бүгін таңертең Кенжебаев денсаулығының жауап беруге жарамсыз екенін анықтайтын анықтама жіберіп сот залына келмей қалды.
Адвокаты Руслан Есейбеков қорғауындағы Кенжебаевтың сот залына не үшін келмей қалғанынан хабарсыз екенін айтты.
Сотқа қатысқан жәбірленуші тараптың өкілдері соттың өтпей қалғанына наразылық танытты. Келесі сот отырысы 6-қаңтарға өтетін болды.
Бұған дейін Қаңтар қырғыны кезнде ұсталып қамалғандарды азаптады деп айыпталған полицейлердің үстінен қозғалған істе 23 жәбірленуші мен 24 куәгер сұралған. Алдыңғы сот отырстарында айыпталушы қызметкерлердің төртеуі сұралды.
Алғашқы жауап берген Алмас Боқанов пен Жанбақыт Нұртазаны тыңдайтын кезде сотталушы Айдын Кенжебаевтың адвокаты Есейбеков Русланның өтінішін қанағаттандырған судья Бекмұрат Дүйсенбеков «The Qazaq Times» ақпарат агенттігінің тілшысы мен «Адам құқықтар қорғау» бюросының журналисын залдан шығарып жіберген. Келесі яғни 24-реткі отырыста Сапармұрат Тоқташ пен Ермек Жұмашев тыңдалды. Сапармұрат өзіне тағылған айыппен келіспеді. Ал, полковник Күдебаевтың бұйрығымен 7 қаңтардан бастап Талдықорған қаласындағы ДВД-ға келген Жұмашов сол жерде жәбірленуші Самат Дүйсенбековты екі рет тепкенін мойындады. Басқа айыптарды мойындамады.