Венесуэла президенті шекаралас Колумбия үкіметін, сол елдегі төңкерістік күштермен жасасқан келісіміндегі құпиялықтарды жария етемін деп қорқытты. Бұл туралы Түрік Теле-радио сайты хабарлайды.
Венесуэла президенті Николас Мадуро Колумбия қазіргі үкіметінің Колумбия Төңкерістік Ұйымымен (FARC) жасасқан бейбітшілік келісіміне елдің бұрынғы президенті және өзінің де қол қойғанын атап айтты. Көршілес елдің үкіметіне сол келісімдегі бірқатар құпиялықты әлемге жария етемін деп қорқытты.
Мадуро Колумбия үкіметін FARC-пен жасасқан бейбітшілік келісімін мазақ етіп отыр деп айыптады. Ол тағы осы келісімнің мазмұнын және 10 жылдан бері жасырылып келген құпиялықтарын, қазіргі кезде ұйым басшыларына қастандық жасау жоспарының жасалып жатқанын жайып саламын деді.
Колумбия ақпарат құралдарының айтысына қарағанда екі ел билігінің арасындағы жанжал өткен жылы Колумбия билігінің Венесуэладағы төңкерісті жазғыруынан басталған. Қазір екі ел арасында дипломатиялық дағдарыс күшейіп, Латын-Америкасының солтүстігіндегі елдер арасындағы үлкен проблемалардың біріне айналып тұр.
The Qazaq Times


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау