Кеше Алматыда полиция ұстаған Oyan, Qazaqstan белсенділері оннан асты. Ұсталғандар арасында Бота Шәріпжан, Мира Оңғарова, Фариза Оспан, Нағашыбек Бекдайыр, Айдана Айдархан, Бейбарыс Толымбеков, Бауыржан Әділханов және Әсем Жәпішева бар. Кейбірін полиция – үйлерінен, кейбірін жолдан ұстап әкеткен. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Жұма күні сағат 12-ден кете бере Тәуелсіздік монументіне бара жатқан жолда Байсейітова көшесінде полиция Oyan, Qazaqstan'ның тағы төрт мүшесін ұстады. Бұған Азаттық тілшісі куә болды. Полиция бір қыздың плакатын тартып алған. “Не үшін ұстап жатсыздар?” деген сұраққа полиция жауап бермеді.
Азаттық тілшісі полициядан әзірге жауап ала алмады.
Бұған дейін Мира Оңғарова әлеуметтік желі парақшасында өзін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" (488-бап 6-бөлігі) бабы бойынша ұстағанын жазған. Ол қазір Алматының Әуезов аудандық полиция бөлімінде.
Жұма күні таңертең полиция Oyan, Qazaqstan белсендісі Бейбарыс Толымбековті үйінен ұстап әкеткен еді.
Жыл сайын 16 желтоқсанда Қазақстанның түрлі өңірінде құрбандарды еске алу шаралары өтіп, белсенділер мен тұрғындар билікке сын айтып, Желтоқсан, Жаңаөзен ақиқатын ашуды талап етіп келеді. Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасының бір жылдығы да таяп келеді. Сарапшылар осы үш қантөгістің шындығы әлі ашылмады деп санайды.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр