Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауындағы алдын ала қорытындысы бойынша сайлаушылардың 81,3 пайызы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс бергенін.
Комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің мәліметінше, Қазақстандағы 11 миллион 953 мың 463 сайлаушының 8 миллион 300 мыңы яғни 69,4 пайызы дауыс беруген. Сайлауды Қазақстан президенттігіне кандидаттардың 11 мыңнан аса сенімді өкілі, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың 641 өкілі, саяси партиялардың 15,5 мыңнан аса, қоғамдық бірлестіктердің 30 мыңнан аса байқаушылары бақылаған.
ОСК төрағасының сөзінше, сайлау учаскелеріне Қазақстанның 1225 бұқаралық ақпарат құралы, 23 шетелдің 41 бұқаралық ақпарат құралынан Қазақстанда аккредиттелген 106 журналист сайлау барысы жөнінде ақпарат таратқан.
ОСК-нің қазірге дейінгі ресми ақпараты Қазақстан президенттігіне кандидат Қарақат Әбденге 206 мың 206 сайлаушы (2,6 пайыз), Нұрлан Әуесбаевқа 176 мың 116 сайлаушы (2,2 пайыз), Жигули Дайрабаевқа 271 мың 641 сайлаушы (3,4 пайыз), Мейрам Қажыкенге 200 мың 907 сайлаушы (2,5 пайыз), Салтанат Тұрсынбековаға 168 мың 731 сайлаушы (2,1), Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 миллион 456 мың 392 сайлаушы (81,3 пайыз) дауыс бергенін көрсеткен.
460 мың 484 сайлаушы (5,8 пайыз) сайлау бюллетеніндегі ("Бәріне қарсымын") графасын таңдаған.
Кеше, 21 қарашада өткен Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына алты кандидат қатысқан. Тәуелсіз сарапшылар мен халықаралық талдаушылар бұл жолы сайлау бюллетеніне енгізілген бес адам қазір билікте отырған президентке "формалды бәсекелес" деп есептейді. Тәуелсіз байқаушылар сайлау процесінде заңсыздықтар болғанын хабарлаған. Әлеуметтік желіде байқаушыларға қысым жасалғаны жөнінде түрлі ақпараттар шыққан. "Бәсекесіз" президент сайлауына қарсы акцияға шықпақ болған және шыққан белсенділер сайлаудан бұрын және сайлау күні қамауға алынған.
;t=2s