Жогорку Кенештің 26 қазандағы отырысында депутаттардың бірқатары Бішкекте саясаткерлер мен белсенділердің жаппай ұсталуын талқылауды ұсынды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Парламент депутаттары толық мәлімет алу үшін ІІМ басшысын шақырғысы келеді.
Депутат Сеидбек Атамбаевтың пікірінше, белсенділерді жаппай ұстау туралы шешім әділ емес. "20 адамды ұстады, олардың арасында танымал саясаткерлер, блогерлер, журналистер бар. Біздің бұл адамдармен саяси көзқарасымыз үйлеспейді, бірақ әділдік үшін айтайын, оларды ұстау туралы шешім әділ емес. Ертең сіздерге бірдеңе болса, бұл журналистерден қолдау күтпеңіз. Билік БАҚ пен журналистердің қолдауынан айрылып барады. Ішкі істер министрін, омбудсменді, жазаны атқару қызметін шақырайық. Онда жағдай жасалмаған деп естідім. Біздің оларға қоятын сұрағымыз көп", - дейді Атамбаев.
Депутат Дастан Бекешев әріптесінің ұсынысын қолдап, бұл мәселені парламент отырысында көтеру көрек деп мәлімдеді.
Алайда депутаттардың бірқатары мұндай ұсынысқа қарсы шықты. "Ата-Жұрт Қырғызстан" фракциясының мүшелері Женішбек Тоқторбаев пен Фархат Исмаилов тергеу ісіне араласуға болмайды деп есептейді.
Вице-спикер Нұрбек Сыдыгалиев түстен кейін құқық қорғау органдарының өкілдері мәлімет алу үшін парламентке шақыртылатынын айтты.
23 қазанда Бішкекте саясаткерлер, адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділердің үйі тінтілді. Кейін 20-дан астам адам 48 сағатқа тергеу изоляторына қамалғаны мәлім болды. Олар Кемпірабад су қоймасын қорғау жөнінде комитет құру туралы шешімнен соң қудалауға ұшырағанын айтты.
25 қазанға қараған түні Бішкектегі 1-май аудандық соты 20 адамды екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Ішкі істер министрлігі оларды "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға талпынды" деп айыптап отыр.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы