Ресей Федерациясының соты «Иегова куәгерлерін» діни экстремистік ұйым деп тауып, Ресей аумағында тыйым салды деп хабарлайды bbc.com сайты.
РФ жоғарғы соты Юистиция министрлігінің өтінішін қарап, «Иегова куәгерлері» Ресейде діни экстремизімді насихаттағаны үшін ел аумағында жұмыс жасауға тыйым салған. 2014 жылы Ресей соты ұйым сайтында жарық көрген "Чему на самом деле учит Библия?", "Приближайся к Иегове" и "Приходи и следуй за мной" атты материалдарын экстремизмді насихаттау деп тапқан болатын.
«Иегова куәгерлері» Ресей Федерациясында 1991 жылы тіркелген. Содан бері талай рет экстремистік материалдар таратқаны үшін әкімшіліктік жауапкершілікке тартылып келген.
«Иегова куәгерлері» 1931 жылы АҚШ-та «Библия зертеушілері» діни ұйымының екіге бөлінуі салдарынан пайда болған.
"The Qazaq Times"