Жұрттың көбі жар сала жетістік ретінде айтып жүрген "Жаңа Қазақстанның" жаңа облсындағы ең үлген аудандардың арасын жалғайтын жолдың жыры республикалық деңгейге дейін көтерілді. Ашуды жұрт жолды жауып билікке өз талаптарын қойды.
Кеген мен Нарынқол арасындағы жолдың нашарлығынан әбден қажыған Райымбек ауданының тұрғындары кеше 25 шілде Қайқы асуында жолды жауып, наразылыққа шыққан болатын. Халықтың талабы ескі жолды жаңарту, сондай-ақ 2021 жылы шілдеде күреп, жаңалауға берілген 15 шақырым жолды аяқтау. Былтырдан бері 15 шақырымның тек 3 шақырымы ғана жасалған. Оның өзі биыл жарамсыз болып қалған. Мердігер компанияның асфальт зауытының құжаты дұрыс болмай, жол құрылысы тоқтап қалған, сөйтіп ол компаниямен келісімшарт тоқтағаннын сылтауратады.
Наразы жұрттың талап-тілегін тыңдауға Кеген ауданының әкімі Талғат Байеділов пен оның екі орынбасары және "Қазавтожол" мекемесі мен құқық қорғау органдарының өкілдері келген. Шерулеткендер асфальт салғанға дейін тым болмаса жолды грейдермен тегістеп отыру керектігін, жөндеу жұмыстарын қазір бастамаса жолды ашпайтынын айтып, екі аудан арасындағы 89 шақырым ескі жолды толығымен жаңарту керек деген талаптарын айтқан.
"Біз шекаралас аумақтарға ерекше назар аударамыз. Алматыдан Қорғасқа дейін 304 шақырым жол салынды, енді Кеген мен Нарынқол арасындағы жолға кезек келіп тұр. Бұл жол республикалық маңызға ие болғандықтан,оны күрделі жөндеуге ұсыныстар енгіздік, жобасы жасалып жатыр. Бүгіндері облысқа қайта жан бітуде." - деген болатын 2019 жылы «Экспресс-К» басылымына сұқбат берген сол кездегі облыс әкімі А.Баталов. Содан бері бірнеше жыл өтсе де баяғы жартас, сол жартас. Өзгерген ештеңе жоқ. Бұған дейін де талай рет көтерілген мәселе болса да, әлі күнге шешімін таппаған.
Кезінде Кеңестік Республика басшылығы Дінмұхамет Қонаевтың қолында тұрған кезде жасалған жол "Ескі Қазақстан" кезеңінде қағыс қалып "Жаңа Қазақстанға" ауыртпалығын арқалап келген жұр президент Тоқаевтан жолдарын жаңартып беруді талап етуде. Ал "Қазавтожол" компаниясы өкілінің сөзіне сенсек, жаңа мердігер 20 тамызға дейін анықталмақ.
Нұрбәтима Байтұрсын
Алматы облысы