Ресейдің Украинаға басып кіргеніне жақында 100 күн толғалы тұр. Ал, Украина президенті Воладимир Зеленский өз мәлімдемесінде елдің 20 пайыз территориясы жау қолында қалғанын айтты. Оның айтысынша, шептің шекарасы мың шақырымға дейін созылып, Украинаға бағытталған агрессиясына Ресей барлық әскери күшін жұмылдырып жатыр.
Соғыс майданынан тарап жатқан хабарларға қарағанда, қазір Ресей күштері Северодонецкке шабуылдарын күшейткен. Қаланың ауқымды бөлігін ресейліктер иелеп алғанын Британияның шалғын қызметіне нақтылап мәлімдеме жасаған. Украина күштерін артиллериялармен тынымсыз атқылап, шаһардағы негізгі үстемдікке ие бола бастаған.
Северодонецк қаласындағы жауаптасқан ұрыс сұрапыл деңгейде. УҚК тарабы кейбір көшелерде басымдық танытқанымен, Ресей тарабы олардың қорғанысын барлық тараптан бұзып тастауға күш салып жатыр. Егер қаланы Ресей күштері өзіне қарататын болса Украина өзінің бақылауындағы ең шығыс шаһарынан айырылмақ.
Қаладағы соғыстың жоғары жилігінен бейбіт тұрғындарды эвакуацялау мүмкін болмай отыр.
Ал, оңтүстік-шығыстағы Ресей басып алған Мариупольде РФ күштері Ресей қолдауындағы жаңа билікке мойынсұнбай, қала әкімшілігінің өкілдерін жазалауға тырысуда. Бұны Мариупольдің бұрынғы мэрі Вадим Мойченко мәлімдеген. Ол өткен аптада CNN арнасына берген сұхбатында Ресейдің қаланы бомбалауы кезінде кемінде 22 мың адам қаза тапқанын айтқан болатын.
Батыс елдері болса Ресей президенті Владимр Путиннің негізгі одақтастарына да санкцияны күшейтетіндерін айтып жатыр. Бұған негізінен Путинмен байланысы бар олигархтар көзделіп отыр.