Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының ұйымдастыруымен ұстаз, ғалым, жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Баспа ісі және дизайн»: білім беру мен зерттеу мәселелері» атты алқасөз өтті.
Алқасөзге белгілі қаламгерлер, танымал журналистер мен ғалымдар қатысты.
Жиынның басы салтанатты көрмемен басталып, әрі қарай үлкен басқосуға жалғасты. Алқасөз барысында тұлғаның еңбегі мен шығармашылығы еске алынып, жылы естеліктер айтылды.

Ғибратты ғұмыры келешек ұрпаққа өнеге болатын қазақтың қабырғалы қаламгері, белгілі журналист, ұлағатты ұстаз Әбілфайыз Ыдырысовтың қазақ халқына сіңірген еңбегі айрықша зор.
Әбілфайыз Ыдырысов 1930 жылы 23 ақпанында Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Егіндісай ауылында туған. Жазушы, журналист, педагог, тарих ғылымдарының кандидаты. «Сөз қадірін өз қадірім» деп білген абыз 800-ден астам публицистикалық мақала, очерктер, оқулықтар, «Қазақ журналистикасының тарихы», «Очерк журналистика жанры ретінде», «Баспа өнімдерін әсемдеу», тағы басқа да пәндер бойынша әдістемелік құралдар дайындаған. Сондай-ақ, қазақтың қабырғалы қаламгері Әбілфайыз Ыдырысов қазақ әдебиетіне «Айжанның ғашығы», «Берік», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзаудың өлімі» атты танымы мол, пайымы кең повестерін, «Таңшолпан» атты көркем романын алып келді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді