Украина президенті Владимир Зеленский Буча қаласындағы сапарынан кейін мәлімдеме Ресейді соғыс қылмысын жасады деп айыптауға дәлелдерінің бар екенін айтты. Оның айтуынша Ресей әскерлері жағынан азапталған тірі куәгерлер де бар.
Зеленскйи сөзінде Ресей танктерінің болат табанына тапталған азаматтық көліктердің көп екенін, қазірге Ресейдің Буча қаласында геноцид жасағанын толық дәлелдеуге жеткіліксіз болғанымен ресейлік әскерлер жағынан азап көрген тірі куәгерлердің бар екенін алға тартты.
Украина президент Буча сапарынан кейін көршілес еуропалық елдердің үкіметтеріне қарата мәлімдемелер жасап, Ресейдің агрессиялық әрекеті Украинамен шектелмейтінін, Молдованың, тіпті тұтас Дунай аймағының қауіпсіздігі басты қатерде тұрғанын ескертті.
Варшавада Британ СІМ басшысымен кездескен Украина сыртқы істер министрі Кулеба Бучадағы жағдайды «айсбергтің тек су бетіне шыққан жері ғанан» деп суреттеді. Оның айтуынша Мариупольде жағдай бұдан да ауыр болуы мүмкін екенін айтқан.
Ал бұлармен бір уақытта мәлімдеме жасаған Ресей СІМ жетекшісі Сергей Лавров Киевтің айыптауын жоққа шығарды. Ол Араб лигасының Украина ісі бойынша өкілдерімен кездесуде Буча бойынша жалған мәліметтер тарап жатқанын, оны анықтап шығатындарын айтқан.
Айта кетейік, Буча мәселесі бойынша Батыс елдерінің Ресейді айыптауы тағы бір есе күшейді және бұған ілесе жаңа санкциялар да салынбақ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы