Толассыз атыс болып жатқан Украинаның Запорожье обылсындағы Атом электр станциясында өрт шықты. Қазір атыс тоқталылып, өрт өшіруге кірісіп жатқанын Энергодар қаласының мэрі Дмитрий Орлов мәлімдеді. Запорожьедегі АЭС Еуропадағы ең ірі станция болып саналады.
Энергодар маңында сұрапыл атыстың болып жатқаны туралы қала мэрі бір күн бұрын да мәлімдеме жасап, АЭС-тің қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдірген. Сол күні ресейлік танктер қалаға кіріп, АЭС-ті өзі бақылауына алуға күш салғаны айтылады. Жұма күні АЭС маңындағы ғимараттар тоқтаусыз атқылаудан өртке оранғаны мәлім болды.
Ресей күштері АЭС-ке бағыттап оқ атқаны туралы мәліметтерді станция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жазған, кейбірі видеолармен де бөліскен. Ал, Украина СІМ басшысы Дмитрий Кулеба «Твиттер» парақшасына: «Ресей армиясы Еуропадағы ең ірі АЭС-ке әр тараптан оқ атып жатыр», – жазды.
Мәліметтерге қарағанда, оқ атысу станция маңындағы өртті сөндіруге үлкен кедергі келтіруде.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы