Украинаға шабуыл жасағаннан кейін әлемнің бірқатар елі Ресейге қарсы санкцияларды күшейте түсті. Кеше, АҚШ, Еуропа Одағы және Баритания Ресей президенті Владимир Путин мен СІМ басшысы Сергей Лавровтың активтерін бұғаттайтынын мәлімдеді.
Бұндай шектеуді кеше, 25 ақпан күні АҚШ Қаржы министрлігі жария етті. Осыдан бұрын бұл ведомство Ресей басшыларына қатысты шектеуді Брюссельде Еуроодақпен келісімге келген болатын.
Онымен бір уақытта Британия үкіметі де ұқсас шешім қабылдады. Бұл шешімді жариялағаннан кейін Британ сыртқы істер министрі Лиз Трасс твиттерде: «Украинаның егемендігі қалпына келтірілмейінше, Кремльге экономикалық азап беруді тоқтатпаймыз», – деп жазды.
Ал, бұл шешімдерден кейін Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың «Путин мен Лавровқа салынған санкциялар Батыстың сыртқы саясаттағы «абсолютті дәрменсіздігін» көрсетеді» деген мәлімдемесін деп мәлімдеді РИА Новости хабарлады.
Әдетте бір ел лидеріне жеке санкция салу сирек ұшырайтын шара. Бұған дейін Батыс елдері жағынан Беларусь президенті мен Сирия президенті ғана санкция тізімінде болатын.
Айта кетейік, ЕО-ның Путин мен Лавровқа салған санкциялары ресейлік банктерге, мұнай өңдеу зауыттарына және қорғаныс өнеркәсібіне бағытталған ауқымыды әрі жойқын санкциялар пакетінің бір бөлігі ғана.