Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид әл-Фалид (Khalid al-Falid) бүгін түстен бұрын Мұнай Экспорттаушы Елдердің Одағын (МЭЕО/ОПЕК) кеңейтудің аса қажетті екенін мәлімдеді. Әл-Фалид сөзінде: «ОПЕК-ке мүше елдер мен ұйымнан тыс шикі мұнай өндіруші елдер де мұнай өнімін уақытша қысқарту келісіміне қол қоюы керек, бірақ ұзақ мерзімге емес, яғни алты ай көлемінде шектеуге тура келеді», – деген пікірін білдірді.
Халықаралық Энергетика өнеркәсіп конференциясында әл-Фалид: «Біз бұл шартқа қол қоюға әлде қашан келісім бердік. Бірақ ұйымға мүше өзге елдердің министрлері қол қоймай отыр», – деді. Сауд Арабия тарабының алға тартатыны – өткен жылғы қараша айындағы келісім – шикі мұнай қорын бес жылдағы орташа деңгейге дейін төмендету болып отыр. Алайда, ұйымға мүше өзге елдер әлі келісімге қол қоймаған.
Сауд Арабияның қолдауымен 13 елдің мүшелігіндегі ОПЕК-нің 25 мамырда Венада өтетін келесі отырысының басты тақырыбы да осы мәселе болғалы отыр. Ресми ақпарат көздерінің хабарына қарағанда, Сауд Арабиясы ОПЕК мүшелеріне мамыр айындағы келесі отырысқа дейін өнімді қысқарту мерзімін алты айға дейін ұзартуға қол қоюын талап еткен.
The Qazaq Times

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр