Украина президенті Владимир Зеленский өлке азаматтарына үндеу жасап, 16ақпанда Бірігу күні деп жариялады.
"Тиісті жарлыққа қол қойдым. Бұл күні ұлттық туымызды іліп, мойнымызға көк-сары түсті галстук тағып, бүкіл әлемге бірлігімізді көрсетеміз", - деді Зеленский. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Осыған дейін бірқатар БАҚ, оның ішінде Spiegel басылымы 16 ақпанда Ресей Украинаға шабуыл жасауы мүмкін деп болжаған.
"Біз қарсы тұра аламыз. Біздің мықты армиямыз бар, мықты соғыс тәжірибеге ие жауынгерлеріміз және заманауи қару-жарақтарымыз бар. Қазіргі армия сегіз жыл бұрынғы армиядан әлде-қайда күшті", - деген Зеленский Украина Донбасс пен Қырымды дипломатиялық жолмен ғана қайтарып алатынын жеткізді.
АҚШ және басқа да бірқатар елдердің ресми өкілдері Ресейдің Украинаға бір апта ішінде шабуыл жасау мүмкіндігі жоғары екенін айтқан. Сонымен бірге олар Ресей осындай қадамға барады дегенге әлі толық сенбейтінін де жеткізген. Батыс өлкелерінің лидерлері ахуалды дипломатиялық жолмен жөнге салу мүмкін екенін айтып жатыр.
Ресей болса Украинаға шабуыл жасау пиғылы жоқ екенін айтып келеді. Дүйсенбі күні Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу президент Владимир Путинмен кездесіп, қазір жалпы әскери жаттығулар өтіп жатқанын, бірақ олардың көбі жақында аяқталатынын айтқан.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі