Жаңаөзен халқының жексенбіден басталған наразылық акциясына Маңғыстау өңіріндегі басқа елдімекендердің тұрғындарыда қолдау білдіріп жатыр. Ақтау қаласы мен Қарақия ауданындағы Жетібай кенті, Құрық ауылы, Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының тұрғындар жиналып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен аудан әкімдеріне видеоүндеу жолдап, сұйытылған газ бағасын 50-60 теңгеден асырмауды талап етуде.
Кеше таңертең басталған наразылық әлі жалғасуда.
Бүгін таңда Ақтауға жеткен Азаттық радиосының тілшісі қала орталығындағы Ынтымақ алаңында тұрғандармен кездесіп сөйлескен. Наразы топ Жексенбіде сағат 20:00 шамасынан таңертеңгі 10:00-ға дейін тұрғанын, кеше кеште мыңнан аса адам жиналып, жолды жауып тастаса да билік өкілдерінен бірде бір адам өздерімен сөйлесуге келмегенін түнде көбін полиция мен ОМОН күштеп, алаңнан шығарып, маңайдағы дүкен, әжетхананы түгел жапқызып, интернетті өшіріп, өздерін құрсауда (кеттлинг) ұстап әжетханағада жібермей қинаған. айтқан.
31 желтоқсанда 100 теңгеге сатылған газ бағасы 1 қаңтарда 120 теңгеге көтеріліп кеткеніне наразық танытқан жұрт кеше алаңға газ бағасын 50-60теңге мөлшерінен асырмасын деген талаптарын білдіруге жиналған. Ал, талаптары орындалмаса тарқамайтынын облыс билігі мәселені шеше алмаса энергетика министрлігінен адам келуін сұраған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі