10 қазан. Алматы. Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі халқаралық бюроның баспасөз залы. Әуелде 11 қазанда «Астана» қонақ үйінде өтеді деп жоспарланған оппозициялық саясаткер, Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамайдың "Жаңаөзен. Қанды қырғынына 10 жыл" деректі фильмінің презентациясы өтті.
Көрсетілімнен бұрын: «Билік Жаңаөзен қасіреті – Жаңаөзен шындығының ашылуынан қатты қорқып отырғаны көрсететі. Назарбаевтың билігі тікелей Жаңаөзен қырғынына қатысы бар. Солар тікелей соны ұйымдастырды. Өздері атып, өздері азаптап, өздері түрмеге қамады. Жаңаөзен қасіретіне жауапты бірақ адам – ол Нұрсұлтан Назарбаев», – деді демпартия жетекшісі Жанболат Мамай.
Фильмде Жаңаөзен қырғынына жауапты деп экс-пезидент Н.Назарбаевпен бірге сол кездегі лауазымдылар Қасымов, Көшербаев, Дауылбаев, Бектасовтар аталады.
Фильм Жаңаөзен қырғынның куәгерлерінің қатысуымен даярланған.
Аталған деректі фильмде Жаңаөзен оқиғасына байланысты 3 жылға сотталған Мұрат Жұмағалиев: «Қасымыздағы адамдар құлап жатқан кезде барып халықты боевой оқпен атып жатқанына көзіміз жетті. Оған дейін еш ойлағамыз жоқ», – деген пікірі және алаңда жалақы талабымен 25 мамырдан бастап тұрған Нұржан Нареновтың: "16 желтоқсанда "Өзенмұнайгаз" формасындағы адамдар сахнаны қиратып арандата бастады. 17 желтоқсанда алаңда 15-20 мың адам болды", – деген пікірлері де келтірілген.
Фильмде бұдан өзге де сол күні алаңда болған, азапталып, сотты болғандар және олардың жақындары сөзінде биліктен оқ атады деп күтпегендерін, ал сонымен бірге түрмеде азаптау,жалалаулардың фашистік деңгейге жеткені туралы айтады.
Көрсетілімнен кейін фильм авторы Жанболат Мамай, тарих ғылымдарының докторы, профессор Есенғазы Қуандық, Жаңаөзен оқиғасын тақырып еткен «Қоңыз» атты көркем шығарманың авторы Рысбек Дәбей сөз сөйлеп Жаңаөзен шындығының ашылуы керектігін баса айтты.
Сондай-ақ, фильмнің тұсау кесерінде оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай жазушы Рысбек Дәбейдің аталмыш «Қоңыз» романы Еуропада ағылшын және орыс тілінде шығу алдында екенін хабарлады.