"Талибан" қозғалысының әскері Кабулдағы митингіні түсіріп жатқан журналистерге шабуыл жасады.
21 қазанда 20-ға жуық әйел бас қаланың көшелерінде құқықтарын талап етіп наразылық акциясына шықты. Олар "Жұмыс, нан және білім" деп ұрандап тұрды. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Көп өтпей тәліп әскерінің бірі оқиғаны түсіріп жатқан шетелдік журналисті қаруымен итеріп жіберген. Тағы бір журналистке қол салғанын "Франц-пресс" агенттігі жазды.
Ақпаратқа қарағанда, екі журналист жарақат алған.
"Тәліптер әйелдерді де, шетелдік, жергілікті журналистерді де сыйламайды", - деді акцияны ұйымдастырушылардың бірі Захра Мухаммади.
Әзірге "Талибан" қозғалысы бұл оқиға туралы түсініктеме бермеді.
Ауғанстан билігіне келген "Талибан" қозғалысы әйелдер құқығы шариғатқа байланысты қаралатынын мәлімдеген.
Қазір Ауғанстандағы 34 провинцияның бесеуінде ғана қыздарға орта мектепке баруға рұқсат берілген. Әйелдердің көпшілігіне жұмысқа баруға тыйым салынған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі