17 сәуір күнгі, Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі БҰҰ кеңесінде, Ирактағы Мосул шайқасы туылғаннан бері жарты миллионға жуық бейбіт тұрғынның баспанасын тастап босқынға айналғанын мәлім етті.
Ирактың Бағдаттан кейінгі екінші үлкен қаласы Мосул 2013 жылдан бастап «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының шабуылына ұшырап келді. 2014 жылы маусым айында қала тұтастай лаңкестік ұйымның қолына өтті. Содан бері Ирак үкіметі қарулы күштері мен лаңкестік топ арасындағы соғыс толастамады.
Жыл басынан бері қарай Ирак үкіметі АҚШ Әуе күштерінің қолдауымен Мосулды азат ету соғысын тебінді түрде жүргізді. Бірнеше реткі пәрменді шабуылдан кейін үкімет әскерилері Мосулдың жартысынан көбін азат етіп, лаңкестердің шылауындағы бейбіт бұқараны қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл реткі БҰҰ Әлеуметтік істер жөніндегі отырысындағы көрсеткен мәлімет бойынша Мосул шайқасының себебінен баспанасыз қалған бейбіт тұрғындары саны 500 мың адамға жеткен.
The Qazaq Times