«АҚШ қалай да Ауғанстандағы тәліптердің билігін мойындайды». Бұндай мәлімдемені Пәкістан премьер-министрі Имран Хан жасады. Оның айтуынша тәліптер билікке ие болғанда АҚШ не істерін білмей қалған.
Пәкістанның үкімет жетекшісі Имран Хан түріктің TRT World жаңалықтар қызметіне берген сұхбатында өз елінің «Талибанды» ресми билік ретінде мойындауға дайын екенін, бірақ оның ешқандай маңызы болмайтынын айтқан. Ханның айтуынша тәліптерді ресми үкімет ретінде АҚШ, Ресей және Қытай секілді елдер мойындағанда ғана халықаралық ықпалға ие болады.
Пәкістан басшысы сондай-ақ қазіргі таңда Ауғанстанға гуманитарлық және экономикалық көмек көрсетудің өңірдік қауіпсіздік пен тұрақтылық үшін аса маңызды қадам екенін айтқан. Себебі, тез арада Ауғанстанға көмек берілмесе елде гуманитарлық дағдарыс орын алуы, бұл аймақтағы өзге елдерге де әсер етуі мүмкін.
Құрама Штаттар қалайда тәліптердің Ауғанстандағы билігін мойындауға мәжбүр екенін айта келіп, Пәкістан премьер тәліптер билікті алғанда АҚШтың абдырап қалғанын, соңында кінәлілерді басқа жақтан іздегенін айтады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі