Кеше, 27 қыркүйекте Қапшағай қалалық соты "терроризмді насихаттады" деген айыппен сотталған белсенді Кенжебек Әбішевтің шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін үшінші мәрте қанағаттандырды. Бұл туралы құқық қорғаушы Бахытжан Төреғожинаның мәліметін негізге алған Азаттық радиосы хабарлады.
Құқық қорғаушының айтуынша, егер прокуратура қарсылық танытпаса, сот шешімі 15 күннен соң күшіне енеді.
Азаттық радиосы құқық қорғаушының бұл хабарын Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысы Самат Авганов растағанын жазды.
"ЛА-155/14 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Әбішев жазасының қалған бөлігін – 2 жыл 4 ай 20 күнді жазаның жеңіл түріне ауыстыруды сұраған арыз түсірді. 2021 жылғы 27 қыркүйекте Қапшағай қалалық сотының қаулысымен қылмыстық кодекстің 73-бабына сай, Әбішевтің арызы қанағаттандырылды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ" делінген соттың баспасөз мәлімдемесінде.
Кенжебек Әбішевтің осыған ұқсас өтініштерін сот 1 ақпанда және 29 сәуірде екі рет қанағаттандырған. Бірақ екеуінде де прокуратура сот шешіміне шағым түсіріп, құжаттың күшін жойдырған.
Алматы облыстық соты Кенжебек Әбішев 2018 жылғы 21 желтоқсанда "терроризмді насихаттады" деген айыппен жеті жылға соттаған еді. 2019 жылы апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.
2020 жылғы 13 наурызда Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Заречный кентіндегі жалпы режимдегі колонияда (ЛА-155/14 орташа қауіпсіздік мекемесі) қамауда отырған белсенді Кенжебек Әбішевтің жаза мерзімін азайтқан болатын.
Қазақстандық құқық қорғаушылар Кенжебек Әбішевті саяси тұтқын деп таныған. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар жоқ деп есептейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді