Алматыда коронавирус пандемиясының төртінші толқыны әлі бәсеңдемей тұр. Тап қазір қаланың 11,5 мыңға тарта тұрғыны емделіп жатыр. Қазір стационарларда шамамен 48,7% орын толған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте, 7 қыркүйекте тіркелген 911 адамның 872-сі симптом белгілерімен, тағы 39 адам симптомсыз тіркелген. Сейсенбі күні 379 адам ауруханаға жатқызылған.
Жалпы қалада сыйымдылығы 7705 орын болатын инфекциялық стационарларда 3754 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 116 бала төсекке таңылған. Ал реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінде 339 науқас жатыр. 58 адам ӨЖЖ, 137 науқас инвазивті емес ӨЖЖ-ымен және 168 сырқат High flow аппаратымен тыныстап жатыр. Сондай-ақ, БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 7735 науқас амбулаторлық деңгейде бақылауға алынған.
Дүйсенбіде жиыны 23 адам коронавирус пен оған ұқсас пневмониядан қайтыс болған.
Ресми дерекке қарағанда, Алматы қаласында биыл ақпаннан бері 895 мың адам екпенің алғашқы, оның ішінде 773 мыңы толық дозасын алған. Әкімдік мәліметінше, әзірге 160 егу пункті мен 237 егу бригадасында 1028 медқызметкер жұмыс істейді.
Жалпы пандемия басталғалы қалада 161 мыңнан аса адам ауырған, оның 40 мыңға жуығы тамызда анықталған. Қазір республикада анықталған күнделікті есептің кемінде ширек бөлігі Алматы қаласына тиесілі болып отыр.
Эпидахуалдың нашарлауына байланысты тамызда қалыпты жағдайда қолданылып жүрген 7011 төсек-орын 8910-ға дейін көбейтілген. Кеше бұл 7705 орынға дейін қысқартылды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы