Бүгін, 6 қыркүйекте Маңғыстау облысы Боранкөл кенішіндегі жатақханадан өрт шығып, кемінде екі адам қаза болды, үш адам жарақат алды. Бұл ақпаратты "ҚазМұнайГаз" компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
"Маңғыстау облысы Боранкөл кенішінде "ҚазМұнайТеңіз" теңіз мұнай компаниясы ЖШС-інің екіқабатты жатақханасынан өрт шықты. Әзірге толық емес ақпарат бойынша, өрттің салдарынан екі адам қаза болды, үш адам зардап шекті" делінген компания хабарламасында.
Ақпаратқа қарағанда, өрт сөндірілген. Өртті сөндіруге "ҚазМұнайТеңіздің" өртпен күрес қызметінің өкілдері қатысқан.
Өрттің неден шыққаны әлі белгісіз.
"Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына "ҚазМұнайТеңіз" бөлімшесінің басшылығы жетті" делінген компания хабарламасында.
Мұнай-газ және газ конденсаты өндірілетін Боранкөл кеніші Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында, Құлсары темір жолы станциясының оңтүстігіне қарай 90 шақырым жерде орналасқан.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті