27 тамызда Тараз әуежайына бортында Ауғанстаннан эвакуацияланған азаматтары бар АҚШ ұшағы қонуға тиіс болған. Бұл ақпаратты АҚШ мемлекеттік департаментіндегі құпия әрі сенімді дереккөзіне сүйенген Orda.kz сайты хабарлады.
Басылым мәліметінше, Ауғанстаннан ұшып келе жатқан АҚШ ұшағы Тараз әуежайына аялдап, жанармай құюды жоспарлаған.
"АҚШ мемлекеттік департаменті ұшақ Тараз әуежайына қонған соң арнайы алғыс айтатын болған. Баспасөз мәтіні де дайын еді" делінген Orda.kz мақаласында.
Мақала авторы Гүлнар Бажкенова "Қазақстан Ауғанстаннан ұшып келе жатқан америкалық ұшақтарды жанармай құюға қабылдауға келісім берді, бірақ бұл ақпарат ресми таратылмады" дейді.
Ол мақаласында "АҚШ мемлекеттік департаментінің спикері Нэд Прайс Ауғанстан босқындары отырған ұшақтардың транзитіне рұқсат берген елдердің қатарында Қазақстанды да атап өткенін, бірақ нақтыламағынын" келтірген.
"АҚШ ұшағы алдымен 26 тамыз күні таңертең қонады деп күтілді. Содан кейін ұшып келу 27 тамызға ауыстырылды, бірақ 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі қоймадан өрт шығып, он шақты жарылыс болды. Нәтижесінде АҚШ ұшағы Қазақстанға аялдамай, басқа бағытпен кетті" деп жазды Orda.kz сайты.
26 тамыз кешкісін Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімі аумағындағы оқ-дәрі сақталатын қоймада жарылыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыстан 12 адам қаза тауып, 98 адам зардап шеккен. Екі адам хабар-ошарсыз кеткенін.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді