Кеше, 23 тамыз күні Шымкенттегі Еңбекші аудандық полиция басқармасы Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығында қайтыс болараның алдында "оттегі жетпей жатқанын" жазып кеткен ер адамның хатына байланысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сүйенген Азаттық радиосы хабарлады.
22 тамыз кешке Instagram желісінде орталықта коронавирустан қайтыс болған Бақ есімді адамның хатын жарияланған. Хатта ол өзіне оттегі жетпей жатқанын, оттегіні жиі өшіретінін және өліп қалуы мүмкін екенін жазып, басқа жерге алмастыруды сұрайды.
Азаттық мәліметінше, марқұмның хатын жариялаған парақша жүргізушісі хатты аты-жөнін жариялауды қаламайтын орталық қызметкері жібергенін айтқан. Хат марқұмның туысқандарына жетпеген.
Бейресми мәліметтерге қарағанда, орталықта хаттың иесі болуы мүмкін деген адам қайтыс болған. Оның отбасында үш адам коронавирус жұқтырып, орталыққа түскен. Туыстары марқұмның жерленгенін айтқан.
Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы бұл хаттың орталықтан шаққанын растай да алмайды, жоққа да шығармайды. Орталықтың бас дәрігері Мадина Ермаханбетова оттегі толық жететінін, оттегі жетіспеушілігінен қайтыс болған адам жоқ екенін айтады.
Десе де полиция әлеуметтік желіде тарап кеткен хатқа байланысты Қылмыстық кодекстің "Медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы" (317-бап) бабымен қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді