Кеше, 22 тамызда Алматы әуежайына Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы бір топ қызметкері мінген ұшақ қонды. Олар Ауғанстандағы жағдай тұрақтағанша, Қазақстанда болмақ.
«Кеше БҰҰ қызметкерлері мінген екінші рейс келді. Бортта 108 адам бар. Барлық орналастыру мәліметі бұған дейін баспасөз брифингінде айтылған ақпаратпен бірдей. Олардың Қазақстанға келуіне кеткен барлық шығын БҰҰ есебінен төленеді» деді БҰҰ баспасөз қызметі.
Қазақстандағы ресми БАҚ-тардың мәліметінше, қазір барлық жолаушы карантинде, олар ПТР тест тапсырды.
Алматыға бұған дейін де Ауғастанда жұмыс істейтін БҰҰ қызметкерлері келіп орналасқан. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, БҰҰ қызметкерлері елде Ауғанстандағы жағдай тұрақтағанша, шамамен алты ай болады деп келісілген. Қызметкерлердің Қазақстанда тұру шығынын БҰҰ-ның өзі көтереді.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі