Өзбекстан билігі Ауғанстанның 46 ұшағы мен тікұшағын қонуға мәжбүрлегенін хабарлады. Ол ұшақтар шекарадан заңсыз өткен. Өзбекстан қонуға мәжбүрлеген ұшақтар мен тікұшақтарда барлығы 585 әскери қызметкер болған.
Өзбекстан прокуратурасының мәлімдемесіне қарағанда, тамыздың 14-і мен 15-іне Өзбекстанның оңтүстігіндегі Термез қаласының әуежайына Ауғанстанның 22 әскери ұшағы мен 24 әскери тікұшағын Өзбекстан әскери әуе күштері мәжбүрлеп қондырған.
Ауғанстанның бір ұшағы Өзбекстанның жойғыш ұшағымен соқтығысып, шекарадағы Сурхандария облысына құлаған. Екі ұшақтың да ұшқыштары катапультпен секіріп, тірі қалған. Бұл мәлімдеме Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің "Ауғанстанның әскери ұшағын Өзбекстанның әскери әуе күштері атып түсірді" дейтін, бұған дейін тараған хабарға қайшы келеді.
Өзбекстан прокуратурасының мәліметіне қарағанда, тағы да 158 ауған азаматы Өзбекстанмен шекараны жаяу кесіп өткен. Оның ішінде әскери қызметкерлер де, қарапайым адамдар да бар.
Мәжбүрлеп қондырылған ұшақтар мен тікұшақтар ішіндегі ауған әскери қызметкерлерінің қазір қайда екені айтылмаған.
Орталық Азияның Ауғанстанмен шектесетін тағы бір республикасы – Тәжікстан да 16 тамызда Ауғанстанның жүзден астам әскери қызметкері бар екі ұшағына тәжіктің Бохтар қаласына қонуға рұқсат бергенін мәлімдеген болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді