Қазақ журналистикасы қара жамылды. Спорт саласының үздік тілшісі Амангелді Сейітхан өмірден өтті.
Қазақ телевизиясының ардагері, ақпарат саласының үздігі, спорт комментаторы Амангелді Сейітхан 52 жасында дүниеден озды. Ол кейінгі екі аптада жансақтау бөлімінде жатып, коронавирустан көз жұмды.
Марқұм 1969 жылы 11 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1991жылы «Спорт» газетінде бастап, қазақ журналистикасының спорт саласын бір кісідей меңгерген ардагерге айналды. 1994 жылы «Қазақстан» телерадиокорпорациясында «Тұғыр» атты бағдарлама ашып, жүргізушісі болған. Кейін «Құмсағат» бағдарламасының спорттық ақпараттар бойынша продюсері атанды. 1997 жылдан «Хабар» Агенттігінде қызмет атқарды.
Журналист кез келген спорт шығарылымын «жеңісті күндерде жолыққанша» деп аяқтайтын ғазиз ғадетімен көрермен ықыласына бөленген еді.
Марқұмның отбасына, туған-туыстарына редакция ұжымының атынан қайғырып көңіл айтамыз.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел