Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы 16 тамыз кешке президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз. Дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетін болады» деп жазды Уәли.
Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде Қазақстанға Ауғанстанның 70 000 азаматы келеді деген қауесет тарады. ҚР СІМ бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Бұдан бөлек, 16 тамызда Азаттық радиосы "Шымкенттегі ЖОО бірінің жатақханасында ауған босқындарына төсек орын әзірленіп жатқанын" хабарлаған. Алайда басылым кешке қарай ол төсек орындарды төтенше жағдай қызметкерлері жинап алып кеткенін жазды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы