Ауғанстан азаматтық авиация басқармасы коммерциялық рейс жасайтын ұшақтарды ел аспанын айналып өтуге шақырды. Кабулға қонатын және ұшып шығатын ұшақтарды әскер бақылайды. Әлемнің көптеген елі Кабулден азаматтарын жылдам әкетуге тырысып жатыр.
16 тамызда азаматтық авиация Кабул әуе кеңістігі арқылы өтетін транзит "бақылаусыз" қалатынын мәлімдеді.
Жексенбіде "Талибан" қозғалысы Ауғастан астанасы Кабулды соғыссыз алып, қазір Кабул әуежайынан азаматтарын эвакуациялауға тырысып жатқан Батыс елдерін таңырқатты.
Германияның Lufthansa авиакомпаниясы Ауғанстан азаматтық авиация басқармасының хабарынан кейін бағытын өзгертті.
Ұшақ бағыттарын бақылайтын FlightRadar24 сайты Чикагодан Делиге ұшқан Air India лайнері Ауғанстан әуе жолынан дереу шығып кеткенін Twitter арқылы хабарлады. Бакуден Делиге баратын Terra Avia ұшағы да Ауғанстанды айналып өткен.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел