Кеше, 4 тамызда Маңғыстау облысы Қаражанбас кенішінде Caspian food компаниясында істейтін жұмысшы әйелдер жалақы өсіруді талап етіп, ереуілге шықты. Бұл ақпаратты Lada.kz сайты хабарлады.
Әйелдер президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрап, видеомәлімдеме жасаған.
Сайттың жазуынша, жұмысшылар жалақыны екі есеге өсіруді және экологияға байланысты өздерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етуді, жол мен ПТР-тест шығынын өтеуді талап етіп отыр. Бұған қоса, жағдайы нашар отбасыларға немесе ерлі-зайыптылардың біреуі ғана жұмыс істейтін отбасыларға дотация төлеуді сұрап отыр.
Lada.kz сайты жариялаған видеода ондаған әйелдің жиналып, билік пен компания басшыларына мәлімдеме жасап жатқаны көрінеді. Олар жалақыны 180-200 мыңға дейін өсіруді сұрайды.
"Caspian food компаниясының жұмысшылары экологиялық радиацияның денсаулыққа зиянын ескеріп, жалақыдан бөлек, коэффициент қосып төлеуін талап етеміз. Сонымен бірге асханада аспен қамтамасыз ету жағдайы қазіргі талапқа сай емес. Жұмысшылар мұнайшылар не жұтса, соны жұтып жүр. Сол себепті зияндылық үшін қаймақ, йогурт, айран, шұбат берілуін талап етеміз" дейді үндеуді оқыған жұмысшылардың бірі.
Наразылармен кездесуге Caspian food компаниясының кадр бөлімінің қызметкерлері шығып, олардың талаптарын тыңдап, өтініштерін қабылдаған. Мәселені қарастыруға уәде берген.
Бұған дейін Қаражанбас кенішінде "Қаражанбасмұнайға" аутсорсинг келісім-шартпен қызмет көрсететін Industrial service resources және "KMG-Security" күзетшілері жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап етіп, ереуіл өткізген. Талаптары орындалғаннан кейін ереуілді тоқтатқан.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді