Бүгін, 29 шілдеде таңертең бірнеше адам "саяси тұтқын" Әсет Әбішевті қарсы алу үшін Алматы облысы Заречный елді мекеніндегі ЛА-155/14 мекемесінің алдына бір топ адам жиналды. Алайда Әбішевті бостан жоқ. Бұл жайлы Азаттық радиосы хабарлады.
Басылымның жазуынша, жедел бөлімінің бастығы, капитан Нұрлан Бидайбеков жиналғандарға "сот шешімі ертең күшіне енеді, Әбішев ертең босап шығады" деп хабарлаған.
Бірақ соған қарамастан жиналған топ "оны босатып қалар" деп тарамай тұрды.
Екі апта бұрын Алматы облысы Қапшағай қаласының соты Әсет Әбішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Сол кезде сот шешімі 15 күннен кейін күшіне енеді деп айтылған еді. Белсенді Әсет Әбішев "қылмыстық ұйымды қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына қатысты" (нақты жағдайда "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы, оны Қазақстан соты экстремистік ұйым деп танығанмен Еуропарламент бейбіт оппозициялық ұйым деп атаған) деген айыппен 2018 жылғы қараша айында төрт жылға бас бостандығынан айырған.
Қазақстандық құқық қорғаушылар белсендінің саяси себеппен қудаланғанын айтып, оны "саяси тұтқындар" тізіміне енгізген. Билік елде "саяси тұтқын" барын жоққа шығарады.
Бұған дейін құқық қорғаушылар Әсет Әбішевті дереу босатуды талап еткен.
Бір топ америкалық сенатор былтыр маусым айында Қазақстан билігін көзқарасын ашық айтып, қамалған азаматтарды дереу босатуға шақырған. Хатта Әсет Әбішевтің де аты аталды.
Әсет Әбішев 2,5 жылдан астам уақыт қамауда болды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді