Қазақстанда коронавирус пен оған ұқсас пневмонияға шалдыққандар саны 7741-ге артып, жалпы есебі 617 мыңнан асты, оның 130 мыңы тек шілде айында тіркеліп үлгерді. Осы айдағы эпидахуал динамикасына қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен көз жұмғандарды есептемегенде тіке ковидтен 1,5 мыңнан аса қазақстандық (КВИ+ 1301, КВИ- 224) өмірден өткен. Екі аптадан бері тоқтаусыз өсіп жатқан аурушаңдық 5-6 мыңның үстінде тұр. Дүйсенбіде жүз шақты адам қайтыс болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, елде 28 шілдеде коронавирус (КВИ+) жұққан 7479 адам, ал 27-сі коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққан 262 адам тіркелді. Қазір елде 90,7 мың адам (КВИ+ бойынша 88 мың, КВИ- бойынша 2,2 мыңнан аса) ауырып жатыр.
#COVIDӨткен күні ПТР тесті арқылы коронавирус жұққаны расталған науқастар қатары тағы артып, шілде айындағы VIIІ рекордын жаңалады. Әр өңірде жүзден кем емес жағдай тіркеліп, бұрын-соңды болмаған деңгейге өсті. Олардың басым бөлігі әдеттегідей мыңнан жоғары динамикада тұрған астана (1571), Алматы (1450) қалаларының қатарына Қарағанды облысы (1011) да кірді. Бұдан өзге Шымкент (445), Атырау (424), ШҚО (298), Алматы (270), Павлодар (251), Ақмола (238), Ақтөбе (230), Қостанай (224), Маңғыстау (220), БҚО (198), Жамбыл (197), Қызылорда (175), СҚО (145), Түркістан (132) облыстарында дерт үдеп тұр. Осы сейсенбіде аурудан айыққан 5814 адам үйіне шығарылған. Сейсенбіде жиыны 81 адам қайтыс болған.
#COVID_пневмониясы 27 шілдеде ақпараты бір тәулікке кешігіп берілетін коронавирус пневмониясына шалдыққан 262 науқас есепке алынды. Ведомство дерегінше, сейсенбі күні сырқаттар Шымкент (43) қаласы және Атырау (35), Жамбыл (28), Ақмола (25), Маңғыстау (24), Қостанай (21) облыстарында көптеп анықталған. Сонымен қоса, 121 адам айығып шыққан, тағы 16 адам көз жұмған.
#Жалпы ДенМин дерегіне қарағанда, емделіп жатқан 90,5 мыңнан аса науқастың 25 мыңы ауруханада, 65 мыңы амбулаторлық бақылауда. 1573 мың науқастың жағдайы нашар, ондағы 332 адамның хәлі өте ауыр. Бұдан өзге 154 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.
Эпидкартада кейінгі бір апта бойы «сары аймақта» жалғыз тұрған Түркістан облысынан басқа барлық өңір (үш мегаполисті қоса алғанда) «қызыл аймақта» тұр.
ДенМин хабарынша, 1 шілдеде ПТР скринингі негізінде 414 сынама жүргізілген. Сәйкесінше, барлық үлгінің 48,3%-ынан Қазақстанның түгел аймағынан үндістандық «Дельта» штамы анықталған. Үкімет мәліметінше, биыл көктем-жазда геномдық зерттеу нәтижесінде елдің басым бөлігінен вирустың бразилиялық, британдық, оңтүстікафрикалық және үндістандық штамдары анықталған.
Былтыр 13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 557 мыңнан, 1 тамыздан былайғы коронавирус пневмониясы 60 мыңнан асты. ДДСҰ дерекқоры мен Ұлттық статистикада Қазақстанда ауырғандар саны 617 мыңға жетті. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді.
Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардан 11,7 мыңнан аса адам (КВИ+ / U07.1 – 5700, КВИ- / U07.2 – 3676, ілеспе аурулардан – 2367) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінгендерді жалпы статистикаға енгізбейді. Бұған қарсы сарапшылардың сөзіне қарағанда, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.
Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Джонс Хопкинс университеті және ДДСҰ тізіміндегі 221 ел мен аймақтың арасында 42-орында тұр.
Үкіметтің соңғы дерегіне қарағанда, Қазақстанда 3,5 млн адам коронавирусқа қарсы вакцинаны толық алған, ал кемінде бірінші дозасы егілген жерттың саны 5,2 млн шамасында.