Бүгін, 19 шілде күні кешке тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының жетекшісі Жанболат Мамай мен оның жақтастары Алматы қалалық полиция департаментінің алдында аштық жариялады. Олар өз партияласы, азаматтық белсенді Абзал Достияровтың қамау мерзімінің ұзартылғанына наразы.
Жанбол Мамайдың айтуына қарағанда, 14 шілдеде "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша алты тәулікке қамалған белсенді Абазал Достияровтың қамау мерзімі бүгін сот шешімімен бір күнге қысқартылып, босап шығуға тиіс болған. Алайда бүгін кешке тағы бір сот өтіп, Достияров тағы 15 күнге қамалған.
"Бұл – биліктің әдейі жасап отырған психологиялық қысымы. Адамды алты тәулікке қамайды, енді шығатын кезде тағы 15 тәулік береді. Оның артынан тағы 15 тәулік беруі мүмкін. Сонда ол қашан шығады деген сұрақ туындайды. Не істейміз? Бізде соңғы қадам қалып отыр. Ертең – қасиетті құрбан айт мерекесі. Бірақ соған қарамастан біздің басқа амалымыз қалған жоқ. Біз қазірден бастап полиция департаментінің алдында аштық жариялайын деп отырмыз. Қазір біз аштыққа жатамыз. Абзал қанша тәулік отырса, біз де сонша тәулік аштыққа жатуды мақсат тұтып отырмыз" деді тікелей эфир арқылы үндеу жолдаған Жанболат Мамай.
14 шілдеде Абзал Достияров пен тағы бір белсенді Әлімжан Ізбасаров "қоғамдық орындарда былапыт сөйлеп, жеке тұлғаны қорлады" деген айыппен әрқайсысы 6 күнге қамалған еді. Оларға тағылған айып 6 шілде күнгі "Демпартияның" қарсылық акциясымен байланысты.
Адвокаттары уақытша қамау изоляторында Достияровқа "қысым жасалғанын" хабарлаған. Олардың айтуынша, 14 шілде күнгі ұстау кезінде полицейлер белсендіні қылқындырып, күш көрсеткен.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы