Қырғызстанда Дін істері бойынша мемлекеттік комиссияның бұрынғы төрағасы Акин Токталиев президент Садыр Жапаровты және оның бұрынғы баспасөз хатшысы Галина Бәйтеректі сотқа берді. Бұл жайында Токталиевтің өзі хабарлады, деп жазды Азаттық радиосы.
Азаттықтық жазуынша, Токталиев Дін істері бойынша мемлекеттік комиссия төрағасы қызметінен негізсіз босатылғанына шағынған.
"Қызметтен алған кезде президент пен оның баспасөз хатшысы (ред. Галина Бәйтерек) мені экстремистке теңеп қойды" деген Токталиев олардан 100 миллион сом өтемақы мен кешірім сұрауды талап етіп жатыр.
Токталиев Бішкектің Бірінші май аудандық сотына 8 шілдеде шағым түсірген. Бірақ арызда кемшіліктер бар деп 12 шілдеде кері қайтарған. Ертесі Токталиев арызын толықтырып, қайта сотқа бергенін мәлімдеді.
Бұл мәселеге қатысты президент әкімшілігі мен Галина Бәйтерек түсініктеме бермеді.
Акин Токталиевтің діни мазмұндағы даулы пікірлері осыған дейін де талқыға түсіп келген. Ол бұл қызметке 2020 жылдың 13 қарашасында тағайындалып, 2021 жылдың 9 ақпанында босатылған. Ол бұрын Садыр Жапаровтың адвокаты да болған.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?