Ауғанстандағы Ресейдің бас консульдығының қызметкерлері Өзбекстанға эвакуацияланды.
Өзбекстанның сыртқы ведомствасы таратқан мәліметке қарағанда, Ауғанстанның Хайратон қаласындағы Ресейдің бас консульдығының дипломаттары Өзбекстанға ауыстырылды. Бұл шара ресейлік қызметкерлердің қауіпсіздігі үшін жасалған.
8 шілдеде АҚШ президенті Джо Байден америкалық әскерилердің Ауғанстаннан 31 тамызда толық шығатынын мәлімдеді. Ол "Ауғанстан өз болашағын өздері құру керек" деді. Шілденің басында Вашингтон Баграм әуе базасындағы әскерилерін әкетіп, АҚШ тарихындағы ең ұзаққа созылған (20 жыл) соғысты аяқтауға үлкен қадам жасады. Баграм АҚШ-тың Ауғанстандағы әскери әрекетінің негізгі базасы болған. Пентагон Ауғанстандағы әскерінің 95%-ы шығарылғанын мәлімдеді.
Тәліптер күш ала бастаған тұста АҚШ Өзбекстан, Қазақстан, Тәжікстаннан "америкалық әскерилерге көмектескен 9 мың ауғанды уақытша орналастыруды" сұрады. АҚШ тәліптер америкалық әскерилерге көмектескен ауғандарды жазалауы мүмкін деп қауіптенеді. Вашингтон қазір 9 мың ауғанды Ауғанстаннан әкетудің барлық жолын қарастырып жатыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді