Үндістан ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, Пәкістан Қытайдың J-10 жойғыш ұшақтарын сатып алуда. Бірақ, бұл хабарды ресми Бейжің мен Исламабад растай қоймады. Егер мәлімет расталған болса, онда қытайлық истербительдердің алғаш рет экспортқа шыққанын білдіреді.

Үндінің Defence World басылымы таратқан мәліметке қарағанда Пәкістан Қытайдың J-10С жойғыш ұшақтарынан 36 данасын сатып алған. Аталған үнділік басылым хабарында «Пәкістан стратегиялық және халықаралық қатынастар институтына» (HSIA) сілтеме жасаған.

Қытайдың ФуЖиян әскери өндірісінің өінімі саналатын J-10С жойғыш ұшақтары көптеген аспектілер бойынша әлемдегі озық соғыс ұшақтарының бестігіне кіреді. Кей елдердің әскери сарапшылары оны үшінші ұрпақ истербительдердің қатарына жатқызады.  J-10C ұшақтары жетілдірілген белсенді фазалық массивтік әуе-радиолокациялық жүйесімен жабдықталған, көбіне 200 шақырымдық PL-15 зымырандары орнатылады.

ФуЖиян әскери өндірісі J-10С ұшақтарының жетілдіріген J-20 жаңа ұрпағын да өндірген. Дегенмен, бұл әлі де сынақ кезеңін толық аяқтап үлгірмеді. Соның өзінде Қытай әуе күштер кейбір әскери операцияларға қолданып жүр.

Қытай мен Пәкістан одақтас елдер ретінде аталады. Қытайдың қару-жарақ экспортында Пәкістан маңызды орынды ұстайды. Бұған дейін де қытайлық истербительдер Пәкістанға экспортталған. Екі ел арасында бірнеше рет бірлескен әуе жаттығулары өткізілген, бұл жаттығуларға Қытай тарабы көбіне көп J-10C ұшақтарын қатыстырып келген. Сондықтан да аталған ұшақты қолдану Пәкістан үшін қиынға соқпайды. J-10C ұшақтарынан кейін Пәкістан әуе күштерінің қуаты арта түсетіні айтпаса да түсінікті.

Пәкістан мен Қытайдың одақтастығы Үндістан факторымен дамыды деуге болады. Үндістанмен ортақ қайшылықтар Исламабад пен Бейжіңнің арасын жақындата түсті. Екі ел арасындағы одақтастық назарау аудартпай қоймайды.

“The Qazaq Times”