Қазақстанда өткен тәулікте 2711 адамның анализінен коронавирус анықталған. Ал 5 шілдеде 27 адам пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне шалдыққан. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Дүйсенбі күні елде коронавируспен байланысты 30 адам өлімі тіркелген: 27 адам – коронавирустан, 3 адам – коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.
Елде "үндістандық штамның" тарағаны жайлы ақпарат шыққалы бері коронавирус жұқтырғандар үздіксіз көбейіп келе жатыр. Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері 442 291 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Індет басталғалы бері коронавирустан – 4516 адам, коронавирус пневмониясынан 3470 адам қайтыс болған.
Қазір елде Астана, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, БҚО, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары қаупі көп "қызыл аймақта", Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Қызылорда, Алматы, Жамбыл облыстары вирус тарауы жағынан орташа "сары аймақта" тұр. Қалған облыстар "жасыл аймақта".
Министрліктің дерегінше, 7 шілдеге дейін 3 млн 906 мың адам коронавирусқа қарсы екпенің бір дозасын; 2 млн 236 мың адам екі дозасын да алған. Елде ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac, HayatVax (БАӘ елінде дайындалған Қытайдың екпесі), қытайлық Coronavac екпесін салып жатыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді