Бүгін, 1 шілдеде Алматыда азаматтық киімдегі үш адам оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлинді үйінің ауласынан күштеп ұстап алып кетті. Оқиғаға саясаткерден сұқбат алуға барған «The Qazaq Times» тілшілері куә болды.
Редакцияның түсірілім тобы кеше, 30 маусымда Жасарал Қуанышалинмен сұқбат жасауға уағдаласқан. Бүгін сағат 15:00-де саясаткердің үйіне барып, оны сұқбат алаңына алып бара жатқанда белгісіз адамдар Қуанышалинді күштеп ұстап әкетті. Азаматтық киімдегі үш адам өздерін таныстырған жоқ, қызметтік құжатын да көрсетпеді. Олар саясаткерді не себепті алып бара жатқанын да айтпады.
Шілденің 6-сы, астана күніне орай оппозициялық күштер халықты алаңға шақырған. Митинг күні жақындағанда елдің түкпір-түкпірінде белсенділердің ұсаталып жатқаны хабарланды. Полиция қудалап жатқандардың көбі «Қазақстанның демократиялық таңдауы» (ҚДТ) қозғалысы мен тіркелмеген «Көше» партиясының белсенділері. Қазақстан соты бұл екі ұйымға да «экстремист» деген айып тағып, елде жұмысына тыйым салған, ал Еуроодақ аталған ұйымдарды бейбіт қозғалыс деп есептейді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел