1 шілдеден бастап эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты Түркияда карантин шектеулері жеңілдетіледі.
Анадолы агенттігінің хабарлауынша, енді жұмыс орындары ашылып, пандемияға байланысты қызметін тоқтатқан кинотеатрлар қайта жұмыс істейді. Комендант сағаты тоқтатылып, қаларалық қатынас шектеулері алынып тасталады. Сонымен қатар кафе мен мейрамханалар келуші санын шектемей ғимарат ішінде және далада қызмет көрсетеді.
Елге Ауғанстан мен Пәкістаннан келген не сол елдерде соңғы 14 күнде болғандарды 14 күнге карантинге алу мерзімі 10 күнге дейін қысқартылады. Ал Бангладеш, Бразилия, ОАР, Үндістан, Непал, Шри-Ланкадан келгендерді міндетті карантинге алу тоқтатылады.
Түркия Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап үйлену тойларын қонақ санын шектеместен өткізуге рұқсат берді. Саябақ, даладағы серуен орындары мен кемпингтер де ашық болады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр