Астана мен Алматыда коронавирустың жылдам тарайтын түрі – "үндістандық штамм" анықталғанын кейін елде індет жұққандар саны күрт көбейді. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 23 маусымда 1496 адамның анализінен коронавирус анықталды. Екі күн бұрын 81 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. Соңғы тәулікте 8 адам қайтыс болған: 7 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды деп айтылады.
Өткен тәулікте астанада – 568, Алматыда – 186, Қарағанды облысында – 145, Ақмола облысында – 36, Алматы облысында – 37, Павлодар облысында – 40, Батыс Қазақстан облысында 91 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 47, Атырау облысында – 60, Шығыс Қазақстан облысында – 78, Жамбыл облысында – 21, Ақтөбе облысында – 40, Қостанай облысында – 30, Қызылорда облысында – 29, Маңғыстау облысында – 36, Солтүстік Қазақстан облысында – 25, Түркістан облысында 27 науқас тіркелген.
Пандемия басталғалы бері елде 413 267 адамға коронавирус жұққан. 4268-і қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 56 708 адамға жетті. Осы уақытқа дейін олардың 3432-і көз жұмған.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, елде 2 млн 920 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 793 мыңы екі дозасын алған.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні