Ауғанстанда үкімет пен «Талибан» арасында ел территориясын бақылауға алуға ұмтылған қақтығыстар күн өткен сайын үдей түсуде. Кеше, Кабул билігі мәлімдеме таратып, жақын күндері тәліптердің бірнеше өңірде тәліптердің шабуылдарына тойтарыс бергенін хабарлады. АҚШ пен НАТО болса елден әскер шегіндіру әрекетін жалғастыруда.
АҚШ пен НАТО күштері Ауғанстаннан шегінуді бастаған 1 наурыздан бері қарай тәліптер елдегі бақылау аумағын барған сайын кеңейтіп келеді. Ауғанстандағы БҰҰ қауіпсіздік күштерінің таратқан мәліментіне қарағанда, тәліптер көбінде провинция орталықтарына жақын маңызды орындарды өздеріне қаратуда. Бұл олардың шетелдік әскери күштер елден шегіне салысымен осы провинцияларды өзіне қаратуға тырысатынын көрсетеді.
Ауғанстандағы жағдай нашарлай түскенімен Пентагон әлі де президент Жо Байден бұйрығына сай ауған жерінен әскер шығару процесін жалғастырып жатқанын жеткізді.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында БҰҰ-ның Ауғанстан ісі жөніндегі өкілі елдегі жағдайдың өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұрғанын мойындауға шақырды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы