Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде өткен тәулікте коронавирус жұққан 930 адам анықталды. Екі күн бұрын 10 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. 19 маусымда 9 адам қайтыс болған: 8 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан.
Ведомство мәліметінше, өткен тәулікте астанада – 215, Алматыда – 115, Шымкентте – 59, Ақмола облысында – 36, Ақтөбе облысында – 19, Алматы облысында – 13, Атырау облысында – 40, Шығыс Қазақстан облысында – 75, Жамбыл облысында – 13, Батыс Қазақстан облысында – 66, Қарағанды облысында – 150, Қостанай облысында – 32, Қызылорда облысында – 16, Маңғыстау облысында – 15, Павлодар облысында – 40, Солтүстік Қазақстан облысында – 13, Түркістан облысында 13 науқас тіркелген.
Соңғы ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың наурыз айынан бері елде 409 580 адамның коронавирус тесті оң шыққан. 4242-і қайтыс болған. Бұған қоса, коронавирус пневмониясына шалдыққандар 56 545 адамға жетті. Осы уақытқа дейін олардың 3424-і көз жұмған.
Қазір ел астанасы коронавирус бойынша "қызыл аймақта" тұр. Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары - "сары аймақта". Қалған облыстар мен қалалар "жасыл аймақта".

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы