Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде өткен тәулікте 1174 адамға коронавиурс жұққан. Ал 16 маусымда 79 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Өткен тәулікте астанада 372 адамның анализінен коронавирус анықталған. Бұл – республика бойынша тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Қарағанды облысында – 152, Алматыда 105 науқас анықталған. Қалған қалалар мен облыстарда анықталған науқастар жүзге жетпейді.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде 406 383 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері 56 412 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан.
Індет басталғалы бері 4211 адам (16 маусымда 8 адам қайтыс болған) коронавирустан қайтыс болған. Тағы 3421 адамның өліміне коронавирус пневмониясы себеп болды (16 маусымда 1 адам көз жұмған) деп айтылады. Одан бөлек, індет басталғалы бері шамамен 2 мың адам коронавирустың "жанама әсерінен" қайтыс болған. Қазақстанда мұндай адам өлімі көрсеткіші Covid статистикасына енгізілмейді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті