Астананың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевтің түрмеден ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы бүгін Әбішевтің адвокаттары әлеуметтік желіде хабарлады.
Адвокат Ерлан Мәкеновтің айтуынша, сот оның жасы мен айыппұлының жоқтығын ескерген.
Екі күн бұрын адвокат Абзал Құспан Әбішевтің ауыр халде ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. Құспанның айтуынша, ол әлі де аруханада жатыр. Экс-шенеунікке пневмония дигнозы қойылған.
Әбішев 2020 жылдың ақпанын "еншілес компаниядан 60 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттенген" деген айппен бес жылға бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі төмен мекемеде жазасын өтеуге жіберген.
65 жастағы Ислам Әбішев 2012 - 2013 жылдары және 2014 жылдан 2019 жылдың наурызына дейін ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты су ресурстары комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Үш жыл Өскемен қаласын басқарған.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?