АҚШ Ауғанстаннан әскери шегіндіру процесінің төрттен бірін толық орындап болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Құрама Штаттардың Орталық қолбасшылық штабы 25 мамырда ресми мәлімдеме жасады.
Орталық қолбасшылық штабы таратқан мәліметте, Ауғанстаннан 160 C-17 әскери тасымал ұшағынан жөнелтіліп, 10 000-нан астам құрал-жабдық қорғаныс логистикалық агенттігіне өңдеуге берілген.
Жо Байден Ауғанстаннан АҚШ әскерін 11 қыркүйекке дейін шығарып кету туралы шешімін жариялаған уақатта, ауған жерінде 2500 америкалық әскери қызметкер бар болатын. Жалпы шетелдік коалиция құрамында 10 мыңнан астам жауынгер бар еді.
Құрама Штаттар тарабы Ауғанстаннан қарулы күштерін шегіндіретінін мәлімдегеннен кейін, НАТО ұйымы да елдегі әскерін алып кететінін жария етті.
Байден шешімі бойынша 11 қыркүйек күні Ауғанстанда АҚШ әскері қалмайтын болады. Алайда, АҚШ әскерінің кері шегінуі Ауғанстандағы ішкі қақтығыстардың қаупін күшейтіп жатыр. Осыған дейін АҚШ қолдауына сүйеніп келген ауғанстандық қауіпсіздік күштері тәліптердің қауіпті шабуылдарына тұс келуде. Ішкі қақтығыстар АҚШ әскері кетпей жатып басталуда.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?