Акатенанго - орталық Америкада орналасқан Гватемала мемлекетіндегі қалың қабатты жанартау. Осы таудың маңындағы Фуэго жанартауы атқылап жатыр. Әесқойлар бұны пилотсыз ұшақ арқылы тұңғыш рет жақын арадан видео кескінге түсірді.
Акатенанго - Агуа және Атитлан жанартаулары арасында, Антигуа қаласының маңында орналасқан ірі көлемді жанартау. Фуэго жанартауы - Акатенангоның сыңары. 1972 жылы қараша айында Акатенанго жанартауының шағын атқылауы тіркелген. Атқылау барысында бу, жанартау күлі және газ бөлінген. Акатенанго жанар- тауының маңында Фуэго жанартауы бар. Фуэго теңіз деңгейінен 3763 м биіктікте тур. Ол белсенді жанартау болып табылады. Фуэго мен Акатенанго жанартаулары Ла Хоркуэта деп аталады. Акатенанго жанартауы 1924-1927 жылдар аралығында бір рет қана атқылаған.
“The Qazaq Times”